"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасы әлеуетті инвестор, MOLINART GRUP SRL компаниясының директоры Виорел Варзармен кездесу өткізді

"Ақтау теңіз порты" АЭА" АҚ Басқарма төрағасы А.Т. Қабашев әлеуетті инвестор, MOLINART GRUP SRL компаниясының директоры Виорел Варзармен кездесу өткізді. ARTINOX™ сауда маркасы бар MOLINART Grup SRL компаниясы Молдова Республикасындағы тот баспайтын болаттан жасалған технологиялық жабдықтар шығаратын ең ірі компания болып табылады, тот баспайтын болаттан жасалған жабдықтардың кең спектрін тапсырыс бойынша – жобалаудан бастап орнатуға дейін өндіреді, өнімдерді әлемнің 20-дан астам еліне экспортқа шығарады, оның ішінде: АҚШ, Ресей Федерациясы, Украина, Румыния, Франция, Түркия, Нидерланды, Чехия, Польша, Германия, Бельгия, Әзірбайжан, Армения, Қазақстан. Кездесу барысында инвестор инвестициялардың жалпы көлемі 5 млн.евро көлемінде тамақ, химия, мұнай және фармацевтика салаларына арналған жабдықтар өндіру бойынша жобаларды "Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында орналастыра
отырып іске асыру жоспарларын айтты. АЭА қызметімен және қолдау құралдарымен танысу қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

"Ақтау теңіз порты" АЭА " АҚ баспасөз қызметі. 

Желілерде бөлісу:

  • 188